«Бірнеше метрге лақтырып жіберген»: Өскеменде тұрғынды подъездің есігінен ток ұрды

Желтоқсан 26, 2025 - 11:50
 0  0
«Бірнеше метрге лақтырып жіберген»: Өскеменде тұрғынды подъездің есігінен ток ұрды
Фото: ғаламтордан

Қайғылы оқиға кеше Өскемен қаласындағы Протозанов көшесінде болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Төтенше жағдай 25 желтоқсанда  болған.

Тұрғындардың айтуынша, домофоны бар подъездің есігі бір айдан бері адамдарды тоқ ұрып келген, алайда ешқандай шара қолданылмаған. Олар жігітті ток қатты соққаны сонша, оны бірнеше метрге лақтырып жібергенін айтты.

«Біз бірден жедел жәрдем шақырдық. Жедел жәрдем келіп, реанимациялық шараларды бастады, жүрегі тоқтап қалған, ауруханаға алып кетті. Құдай қаласа, бәрі жақсы болып, жігіт аман қалады. Бұған кім жауап береді? Неге ешкім ештеңе істемеді, қайғылы жағдай болғанын күткен бе? Біздің подъезде көп қарт адамдар тұрады, тағы біреуді ток ұрса, соңы өте қорқынышты болуы мүмкін», - деді үй тұрғындары.

Оқиғадан кейін электр тогының ағып кету себебін анықтау үшін КСК қызметкерлері шақырылып, жергілікті әкімдік те іске тартылды.

«Электр тогымен зақымдану фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу мақсатында зақым келтірген нысанды электр қуатынан ажырату шаралары қабылданып жатыр», - деп түсіндірді Өскемен қаласының әкімдігінде.

HALIQSTAN Telegram-арнасының мәліметінше, электр тогынан ақау анықталған. Ол - есік маңдайшасына орнатылған прожектор шамы болып шықты. Шам өшіріліп, қауіп жойылды. Оқиғаға байланысты жауапкершілікті тиісті органдар анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0