«Біз берілмейміз!» – Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады

Мамыр 19, 2026 - 10:05
chat_bubble  0 visibility  0
«Біз берілмейміз!» – Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады
Фото: anadolu

Масуд Пезешкиан Иран ешқандай күшке бас имейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қарсыластары ракеталар, бомбалар мен әскери ұшақтар арқылы елді "тізе бүктіре" алмайды.

Біз берілмейміз! – деді ол. 

Сонымен қатар, Иран келіссөздерді абыроймен жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Біздің құқығымыз бар, дәлеліміз бар. Біз еліміздің мүддесін батыл қорғай аламыз және халықтың қолдауымен оның құқығын қорғай береміз», – деді Иран президенті.

Ал "Хатам әл-Анбия" орталық штабының қолбасшысы, генерал-майор Али Абдуллахи АҚШ пен оның одақтастарына ескерту жасады.

Оның сөзінше, Тегеранға қарсы жаңа шабуыл жасалса, Иран оған бар күшпен жауап береді.

«АҚШ пен оның одақтастары стратегиялық қателіктерді қайталамауы керек. Иран қарулы күштері толық дайындықта тұр және бұрынғыдан да күштірек. Кез келген жаңа шабуылға кең ауқымды әрі қатаң жауап беріледі», – деді Абдуллахи.

Оның сөзін ирандық Fars агенттігі келтірді. Бұған дейін Дональд Трамп Truth Social желісінде АҚШ-тың Иранға 19 мамырға жоспарланған шабуылды бейбіт келісімге қол жеткізу үшін кейінге қалдырғанын хабарлаған еді.

Сонымен қатар Ақ үй басшысы америкалық әскерилерге Иранға қарсы ауқымды операцияға дайындалуды тапсырған. Егер тараптар келісімге келе алмаса, шабуыл басталуы мүмкін екені айтылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0