БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген шенеунік қызметінен босатылды

Ақпан 24, 2026 - 12:37
 0  1
БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген шенеунік қызметінен босатылды
pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталып, полиция күдіктінің неге бостандықта жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

2 қаңтарда полицияға Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғынына қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама түскен.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында хат алмасулар және істің жан-жақты қаралуы үшін маңызы бар өзге де деректер анықталды. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмаған қызға күш қолдану дерегі анықталған жоқ. Сонымен қатар, бұл жайтты жәбірленушінің өзі және анасы да растап, күдіктіге қатысты қандай да бір шағымы жоқ екенін, қарым-қатынас өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеді", – деп жазылған өңір полициясы хабарламасында.

БҚО Полиция департаменті мәліметінше, күдікті аудан әкімдігі бөлімдерінің бірінде қызмет атқарған. Арыз тіркелгеннен кейін ол атқарып отырған қызметінен босатылған.

"Қазір Шыңғырлау ауданы полиция бөлімі тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0