Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Желтоқсан 10, 2024 - 14:42
Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Фото: ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева Таиландтағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Виктория Графеева 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Қытай өкілі Ли Цяньмен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Бұл 2024 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын медаль. Осыған дейін әйелдер арасында Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг), ал ерлер арасында Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола жүлде иеленген еді.

Айта кетейік, Виктория Графеева Азия чемпионатындағы алдыңғы екі жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Ол ширек финалда тайбэйлік Чен Сюань Ені техникалық нокаутпен ұтты, ал жартылай финалда таиландтық Порнтип Буапудан басым түсті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow