«Болары болды»: Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

Шілде 29, 2026 - 10:52
 0  13
«Болары болды»: Данияр Елеусінов бостандыққа шықты
Фото: tengrinews.kz

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Спортшы 28 шілдеде кешке қарай шықты. Оны әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында жары мен достары күтіп алды.

"Оқиғаға қатысты айтар болсам... болары болды, өздеріңіз көрдіңіздер. Бұған қатты өкінемін", - деді Елеусінов Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап беріп.

Осыдан кейін Данияр Елеусінов өзін күтіп алғандармен көлікке қарай бет алып, жолаушылар орындығына жайғасты да, кетіп қалды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0