«Бортта 242 адам болған»: Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (Видео)

Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмедабад қаласында Boeing 787 Dreamliner ұшағы апатқа ұшырады.
Times of India газетінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған Boeing 787 ұшағы Air India әуе компаниясына тиесілі.
"Air India компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмедабад әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлады", – деп жазады Times of India.
Ұшақ бортында 232 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Әуе кемесі Ахмедабад қаласындағы Мегханинагар ауданына жақын маңда құлаған.
Қазіргі уақытта құтқару топтары апат орнына жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






