Бүгін «Садақ» қолжазба журналының жарыққа шыққанына 110 жыл толды

Қараша 9, 2025 - 10:23
Қараша 17, 2025 - 10:24
Бүгін «Садақ» қолжазба журналының жарыққа шыққанына 110 жыл толды
Бүгін, 9 қараша “Садақ” қолжазба журналының жарыққа шыққанына 110 жыл толды. 1915 жылы, дәл осы күні Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқыған қазақ шәкірттердің бастамасымен, Бейімбет Майлиннің (Бекет) редакторлығымен “Садақ” журналы оқырманға жол тартты.
Журналға Бейімбеттен кейін Жиенғали Тілепбергенов (Жекей) редактор болды. 1915-1918 жылдар аралығында “Садақ” журналының 40-тан астам саны жарық көрді. Оның 20 шақтысы белгілі (3-еуі - Алматыдағы Ұлттық кітапханада, қалғаны - жеке қолда). Әлі 20-дан астам санының тағдыры белгісіз.
Журналдың авторлары қатарында Салахиден Сарталиев (Қараша), Зейнелғабиден Имажанов (Есіл), Әбдірахман Мұстафин (Шашты), Армия Ешкеев (Тоқа), Қажым Басымов (Сарыалжын), Сұлтан Шоқаев (Қара мылтық), Әбдірашит Әлімбаев (Омбылық), Қаһан Ережепов (Тарбағатай) т.б. болды. Осы және басқа да шәкірттер – “Ғалияның” қаламы жүйрік жастары журналдың мазмұнды да мағыналы болып шығуына атсалысты.

Журналист-зерттеуші Серікбол Хасан

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow