«Бұл – менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан отбасы мен бірнеше некесі туралы сыр шертті
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында отбасы, жұбайлары мен балалары туралы айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Сұхбат барысында журналист өнер иесінен анасының барлық келіндерін көріп, оларға батасын берген-бермегенін сұрады. Бекболат Тілеухан жеке өмірін көпшілік алдында егжей-тегжейлі талқылағысы келмейтінін жеткізді.
Оның айтуынша, отбасы туралы кез келген сөз тек өзіне емес, балалары мен жақындарына да әсер етуі мүмкін.
«Раушан, Кенже, Жанар – балаларымның аналары. Олардың бәрін құрметтеймін, жақсы көремін. Бір әңгіме айтсам, баламның көңіліне тиеді. Раушанның, Кенженің, Жанардың туыстарының көңіліне тиеді. Бұл әңгіме кімге керек? Бұл – менің тағдырым. Алла осындай тағдыр берді, ризамын», – деді ол.
Өнер иесі Алланың өзіне иманды қазақ қыздарын жар етіп бергеніне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ сұхбат кезінде одан «Егер өмірге қайта келсеңіз, үш рет үйленер ме едіңіз?» деп сұралды. Бекболат Тілеухан бұл сауалға қазіргі өмір жолына өкініш білдірмейтінін айтып жауап берді.
«Біріншіден, өмірге қайта келмеймін. Екіншіден, өкінбеймін. Коммунист Бауманның "екінші рет өмірге келсем де, осы жолмен жүрер едім" деген сөзі бар. Бұл – тағдырға риза болу. Маңдайға жазған тағдырдан кете алмайсың», – деді ол.
Бұдан бөлек, бұрынғы депутат балаларының болашақ жарына қатысты ұстанымын да айтты.
Оның сөзінше, балаларының өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтеруіне түбегейлі қарсылық білдірмейді. Дегенмен олардың болашақ жарларының мұсылман болғанын қалайды. Бекболат Тілеухан ата-ана баласының өмірлік таңдауына толықтай ықпал ете алмайтынын атап өтті. Бұл оның мамандық таңдауына да, діни көзқарасына да қатысты екенін жеткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0