«Бұтын уқалатуы – мәселенің бергі жағы»: Шәкірттеріне массаж жасатқан ұстаз жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков Сарыағаш медресесінде орын алған даулы жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, медресенің бас ұстазы Әбужаппар Сманов шәкірттеріне аяғын уқалатып қойған, деп хабарлайды sadaq.kz.
«Сонда Оқу-ағарту министрлігі медресе шәкірттеріне Смановтың бұтын уқаласын деп бюджеттен жүздеген миллиондап ақша бөле ме?! Егер бұған тоқтау болмаса, ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады ғой, ақыл тоқтатпаған балаларға», – деп жазды Ораз Әлімбеков.
Ол бұл жағдайдың құзырлы органдар тарапынан тергелуі керек екенін және медресе жүйесіндегі тәртіптің қатаң бақылауға алынуы қажет екенін атап өтті.
«Мен қанша мәрте айттым, мүфтияттың іші де, медреселері де былыққа толы деп. Мұны тергеп-тексеріп, бәрін сотқа тартып, жазасын беру керек. Смановтың бюджет қаржысына бұтын уқалатуы – мәселенің бергі жағы ғана. Бұдан басқа да азғындық көп. Бірақ құзырлы органдар мүфтиятқа келгенде түк көрмегендей айналып өтеді», – деп мәлімдеді ол.
Белсенді Түркістан облысының жауапты азаматтарын Әбужаппар Смановқа қатысты заңды шара қолдануға шақырды.
«Мынау Сманов деген оңбағанды сотқа беріп, жазалап, патша көңілді пәпігін басатын азамат Түркістан облысынан табылмай ма? Зайырлы қазақ мұндай қорлыққа қашанға дейін шыдайды», – деп жазды Ораз Әлімбеков.
Сіздің реакцияңыз қандай?






