«Бұзылатын қыз Дженифердің бұтынсыз-ақ бұзылып жатыр» - белгілі заңгер Лопестің консертін сан-саққа жүгіртіп жатқандарды орнына қойды

Жалаңаш билегендерден емес, рухани жалаңаштанып, милары уланған, “халифат құрамыз” деп лағып жүргендерден қорқу керек!

Тамыз 5, 2025 - 10:54
Тамыз 5, 2025 - 10:55
«Бұзылатын қыз Дженифердің бұтынсыз-ақ бұзылып жатыр» - белгілі заңгер Лопестің консертін сан-саққа жүгіртіп жатқандарды орнына қойды

Дженнифер Лопес келгенде елдің бұзылып жатқаны енді естеріңе түскені қалай?!

Жалаңаш билегендерден емес, рухани жалаңаштанып, милары уланған, “халифат құрамыз” деп лағып жүргендерден қорқу керек!

Кешеден бері бәрінің жоқ жерден патриоттықтары ұстап, беттерін шымшып, намыстары оянып кеткені несі?!
Қыздарың Сирияда “секс-джихадқа” кетіп жатқанда, дәл осылай намыстанып, неге шу шығармадыңдар?

Қаңтар оқиғасынан кейін кофелетіп, әтірлетіп Түркия асып кеткен Мұхамеджан ағамызға дейін “ұлт намысы” оянып кетіп сайрап кетіпті!

Әркім өз миы мен көзінің деңгейіне сай көреді - біреу бұт көреді, біреу өнер көреді.
Кімнің неге көзі түскені - өзінің ішкі мәдениетіне байланысты.

Сендер осы күнде теледидар көрмейсіңдер ау деймін, TikTok пен Instagram-нан бұдан да сорақы “бұттар” мен “булдыз” қыздарды көріп отырмыз.
Бұзылатын қыз Дженифердің бұтынсыз ақ бұзылып жатыр. Оны бұзып жатқан өзіміздің ер азаматтар. Бір күндік некемен қанша қыз қорланып, бес баласын  бес еркектен туған қыздарды осы Дженефердің төтені бұзып па?

Біреулер “Абайдың туған күні көлеңкеде қалды” деп күйініп жатыр екен…
Сонда Абайды құрметтеу тек туған күнінде ғана еске түсетін болғаны ма?!
Абайдың сөзін күнделікті өміріңе арқау еттің бе, балаларыңа оқытып жүрсің бе,
әуелі соны өзіңе сұрақ қылып қой!

Семейге барып, жарнама жасап, мерекелік іс-шара ұйымдастыруға кім кедергі жасап жатыр?!
Жоқ, ешкім қой демейді. Тек бір концерттің тасасына тығыла салатын “құрметтің” қажеті жоқ!

Дамыған ел болғыларың келе ме?
Онда әлемдік жұлдыздарды да қабылдап үйреніңдер!
Дженнифер Лопес келіп бұтын көрсетіп билегеннен ұлт бұзылмайды!
Ұлтты құртатын — екіжүзділік пен жасанды “руханият”.

Бәріңнің қолдарың бос екен, мемлекеттің желініп жатқан миллиардттарын іздеңдер!
Дженифер Лопес  келгенде оянатын жалған намыспен ел болмаймыз!

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow