«Дәстүр емес, қылмыс»: Бас прокуратура қыз алып қашу туралы мәлімдеме жасады

Шілде 30, 2025 - 15:52
 0  37
«Дәстүр емес, қылмыс»: Бас прокуратура қыз алып қашу туралы мәлімдеме жасады

Бас прокуратура өкілдері некеге мәжбүрлеу адам құқығын өрескел бұзу екенін, таяуда Қылмыстық кодекстің жаңа 125-бабы тәжірбиеге енгізілетінін мәлімдеді.

Бас прокуратура 2025 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғанын еске салып өтті.  

Заң күшіне енгеннен кейін, Қылмыстық кодексте неке қиюға мәжбүрлегені үшін жаңа 125-1-бап тәжірибеге енгізіледі. Бұл бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"Неке қиюға мәжбүрлеу –  адамның өз еркінен тыс, қысым көрсету немесе зорлық-зомбылық арқылы некеге отырғызылуы. Бұл жағдай адам құқығын өрескел бұзу болып саналады. Неке екі адамның еркін және саналы келісімімен құрылуға тиіс. Келісімсіз қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс екенін ескертеміз", – делінген прокуратура хабарламасында.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0