«Даусы шықпай қалды»: Дженнифер Лопестің концертінде әнші Садраддин ұятқа қалды (ВИДЕО)
Концерт ұйымдастырушылары жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ

Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концерті қазақстандық әнші Садраддин үшін күтпеген жағдаймен есте қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеолар мен пікірлерге қарағанда, Садраддиннің даусы сахнада шықпай, өнерін толық көрсету мүмкін болмаған. Оқиға көрермендердің назарынан тыс қалмады — Instagram мен TikTok-та бұл сәт қызу талқыланып жатыр.
Пікір қалдырушылардың бірі «Живой айтса тыңдайтын әнші қалмады ғой» десе, енді бірі «Қорадағы жем сұраған ешкі ұқсап» деп қалжыңдаған.
Кейбір қолданушылар отандық әртісті қолдаудың орнына, сынға алғандарды сынап, «Қолдау деген жоқ па қазақтарда?» деген пікір білдірді.
Концерт ұйымдастырушылары жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.
Ал әлеуметтік желіде Садраддиннің даусы не себепті шықпай қалғаны жайлы түрлі болжамдар айтылуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






