«ДНҚ сараптамасына жіберіледі»: FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысқан
![«ДНҚ сараптамасына жіберіледі»: FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысқан](https://sadaq.kz/uploads/images/202501/image_870x_6799bb1374bb9.jpg)
Орал-Астана бағытындағы FlyArystan ұшағы құстар тобымен соқтығысты, деп хабарлайды sadaq.kz.
FlyArystan FS 7366 рейсі ұшып шығу кезінде Орал әуежайында құстар тобымен соқтығысқан.
12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбай, жалғыз тастап кеткен: FlyArystan 8 млн теңге төледі
"Әуе кемесінің жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ешқандай ақау анықталмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана әуежайына қалыпты режимде қонды. Қону кезінде ұшақтың сол жақ қозғалтқышындағы компрессор қалақтарының және фюзеляж бөліктерінің зақымданғаны анықталды. Сонымен қатар қозғалтқыш ішінде және ұшақтың басқа бөліктерінде құс қалдықтары табылды. Аталған қалдықтар құстардың түрін анықтау және Орал әуежайында мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында ДНҚ сараптамасына жіберіледі", – деп хабарлады компания.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/wow.png)