«Досаев барда Алматыда Жириновскийге ескерткіш қойылып кетуі мүмкін» – Зайытов

Наурыз 12, 2025 - 10:40
«Досаев барда Алматыда Жириновскийге ескерткіш қойылып кетуі мүмкін» – Зайытов
baq.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге Алматыда ескерткіш орнатуға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Журналист депутаттан "Жириновскийке ескерткіш қойылады деп жатыр. Сіздің ойыңыз қандай?" деп сұрады.

Ақылға қонбайтын нәрсе. Бірақ Досаев сияқты әкімдер аман болса, ескерткіш қойылып та кетуі мүмкін. Алматы Жириновскийдің тарихи отаны дегені несі? Онда біз Оспан батырға Қытайда ескерткіш қоя аламыз ба? Қоя алмаймыз. Әркімнің өз мемлекеті бар шығар?! Заңда "Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарға ескерткіш қойылады" деп нақты жазылған. Жириновскийдің біздің Қазақстанға не қатысы бар?, - дейді Ринат Зайытов Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әлеуметтік желілерде ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай Алматы қаласында ескерткіш ашу жоспарланып отырғаны жайлы ақпарат тараған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow