Дубайға ұшатын әуе рейстері уақытша тоқтатылды

Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маусым 20, 2025 - 16:25
 0  43
Дубайға ұшатын әуе рейстері уақытша тоқтатылды
Фото: ғаламтордан

Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы Атырау-Дубай бағытындағы әуе рейстерін уақытша тоқтатты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты уақытша орындалмайтынын хабарлайды. Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуекеңістігі тысында жалғасады», – делінген хабарламада.

Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0