Джеки Чан Алматыға келді

Қыркүйек 25, 2025 - 11:10
Джеки Чан Алматыға келді
Фото: Steph Chambers / Getty Images

Әлеуметтік желілерде әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға келгені туралы ақпарат тарады деп хабарлайды KAZINFORM

71 жастағы актердің келгені ресми расталған жоқ. Алайда жарияланған бейнежазбалар оның Қазақстанда екенін меңзейді. Алдын ала деректерге сәйкес, ол бір фильмнің түсіріліміне қатысуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда Джеки Чан мен америкалық продюсерлердің қатысуымен бірқатар халықаралық киножобалар жүзеге асырылып жатқаны хабарланған еді. Бұл туралы Үкімет отырысында Salem Entertainment цифрлық медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай айтты.

– Биыл Джеки Чан, америкалық «Оскар» иегері продюсерлермен бірлескен продюсерлік жоба іске қосылды, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясына негізделген контент жасау бойынша Тимур Бекмамбетовпен бірегей жоба қолға алынды, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow