Екі адам көз жұмды: Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатына ұшырады

Шілде 28, 2025 - 08:51
Екі адам көз жұмды: Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатына ұшырады
фото: әлеуметтік желіден

UFC-дің атақты файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Апат салдарынан көліктегі жолаушылар қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған.

HALYQSTAN тілшісінің мәліметінше, Гүлайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бағыт алған.

Ол тізгіндеген Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылының маңында аударылып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Апат салдарынан 39 жастағы жолаушы З.А. оқиға орнында көз жұмды. Ал 35 жастағы тағы бір жолаушы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына барар жолда қайтыс болды.

Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр.

«Ота қажет емес. Динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді дәрігерлер.

Полиция бұл оқиға бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow