Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр: Алматыда 50 жолаушы уланып қалды

Желтоқсан 11, 2025 - 17:09
 0  0
Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр: Алматыда 50 жолаушы уланып қалды
Фото: Pixabay

Алматы-2 теміржол бекетіне келген пойызда 52 адам көміртегі тотығынан (угарный газ) уланып, зардап шекті. Екі бала жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды sadaq.kz.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілген.

"Барлығы 52 адам, оның ішінде балалар зардап шеккен. Барлық науқас қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексеруден өткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді", – деп хабарлады ведомство.

Басқарманың мәліметінше, тексеріс нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылған. Оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары профильдік бөлімдерде ем алып жатыр.

"Қалған пациенттерге тексеру мен алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы дәрігерлер бақылауында, барлығы қажетті медициналық көмекпен қамтылған", – деді баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0