Екібастұзда төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Екібастұзда 28 маусымда болған ГРЭС-1-дегі апатқа байланысты техногендік төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін.
Әкімдік «Ашық НҚА» сайтында тиісті қаулы жобасын таныстырды, қоғамдық талқылаулар 1 шілде күннің соңына дейін жалғасады.
Құжатта: «Energy Solutions Center» ЖШС-де орын алған төтенше жағдайға байланысты Екібастұз қаласында объектілік масштабтағы техногендік төтенше жағдай жарияланды.
Төтенше жағдайды жоюға кәсіпорынның бас директоры Айдарбек Қыстаубаев жетекшілік етеді. Естеріңізге сала кетейік, Екібастұздағы ГРЭС-1-де апат 28 маусымда болды. Энергетика министрлігі оқиғаға қатысты тергеуді бастады.
Сіздің реакцияңыз қандай?