«Екіге оқитын оқушы сияқтысыз»: Депутат мұнай компаниясының басшысын қатты сынға алды
Мәжілісте өткен комитет отырысында депутат Еділ Жаңбыршин елімізде жұмыс істейтін мұнай компанияларының шетелдік басшыларын сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Sn.kz. ақпарат порталына сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысында жұмыс істейтін кәсіпкерлер шағымданады. Сіздерде қызмет көрсету тарифтері де төмен. Лю мырза кезінде жұмыс істеген кезде тарифтердің бәрін төмендеткен. Оны әлі көтермей жатыр. Барлық ақша шетелге шығарылып жатыр. Сіздер құралдарды Қытайдан сатып аласыздар. Қыздыратын пешті де сол жақтан сатып аласыздар. Осында отырып депутаттарды неге алдап отырсыздар? Келген соң нақты қандай ұзақмерзімді шарттар мен офтейк шарттар барын айтуларыңыз керек. Отандық тауар өндірушілерге жұмыс орындарын ашу үшін қалай көмектесіп жатсыздар?», – деді депутат.
Сонымен қатар «Матен Петролеум» АҚ бас директоры Лю Цзиньчэннен «Сіздерде отандық тауар өндірушілермен жасалған ұзақмерзімді келісімшарттар бар ма?» деп сұрады.
«Өзі жауап берсін. Олар бас директор болып отыр ғой ақша алып», – деді Еділ Жаңбыршин.
Лю Цзиньчэн депутат сұраған сала бойынша алты келісімшарт жасалғанын айтты.
Депутат келісімшарттар қандай компаниялармен және қандай тауарлар бойынша жасалғанын нақтылады.
«Сіз дайын емессіз бе? Сіздерге хатты алдын ала жібердік қой. Бар болғаны алты келісімшарт, сіз оны жатқа білуіңіз қажет», – деп атап өтті мәжілісмен.
Мұнай компаниясының басшысына жауап беруге қасында отырған әріптесі көмектесіп отырды.
«Кешіріңіз мені, бірақ сіз (сабақты) екіге оқитын оқушы сияқтысыз. Бас директор ретінде кімдермен келісімшарт жасалғанын, қандай тауарлар түрі бойынша екенін, компаниялардың орналасқан жерін және қандай сома және қанша жылға келісімшарт жасалғанын білуіңіз керек», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0