Экология министрі Қызыл кітапқа енген гүлді жұлған әйелге 12 миллион теңге айыппұл салуды құптайтынын айтты

Бірнеше күн бұрын Түркістан облысы Ордабасы ауданында қызыл кітапқа енген қызғалдақтан гүл шоғын жинап жүрген әйел туралы ақпарат тараған еді. Кейін оның Шымкент тұрғыны екені анықталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оған 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Осыған орай Экология министрі Ерлан Нысанбаев Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін қызғалдақтарды жұлған қазақстандыққа 12 миллион теңге айыппұл салынған резонанстық жағдайға пікір білдірді.
Министр бұл жағдайға "Заңның аты заң" деп қысқаша қайырды. Айтуынша, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктен ешкім босатылмайды.
"Әділдік деген не? Заң бар. Мұның бәрі заңға сәйкес. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Әділ ме, жоқ па, қалай айта аламын. Заңда жазалау шарасы көрсетілген. Сондықтан бәрі түсінікті деп ойлаймын", - деді Нысанбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?






