Елдос Сметов Әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионатына қатыспайды. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Будапештте (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына алдын ала құрамды жариялады. Онда Сметовтың қалпына келу кезеңінде екені және Олимпиададан кейін басты турнирге қатыспайтыны айтылған, - деп хабарлайды saDaq.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеп.
"Титулы көп спортшы қазіргі уақытын сауығу мен өзін дамытуға арнауды жөн көрді. Сонымен қатар, ол 2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты жоққа шығармайды", – делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Олимпиада жүлдегері Гусман Қырғызбаев ұлттық құраманың тізіміне еніп, жаңа жүлде үшін күресуге ниетті.
Қазақстан құрамасының дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионатына алдын ала құрамы:
Ерлер
60 кг дейін – Мәжжан Шамшадин, Шерзод Давлатов
66 кг дейін – Гусман Қырғызбаев
73 кг дейін – Есет Қуанов
81 кг дейін – Абылайхан Жұбаназар
90 кг дейін – Мейрлан Максим
100 кг дейін – Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамұров
100 кг жоғары – Ерасыл ҚажыбаевӘйелдер
48 кг дейін – Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
57 кг дейін – Бақыт Құсайынбаева
63 кг дейін – Эсмигүл Құюлова.
Сіздің реакцияңыз қандай?






