Елімізде алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз күтіледі

Қараша 12, 2025 - 14:12
Қараша 12, 2025 - 15:12
Елімізде алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз күтіледі
Фото: Pixabay

Ел аумағында алдағы күндері қатты жауын-шашын және 20 градусқа дейін аяз күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Атлант циклонының ойпатымен және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады.

Осыған байланысты ел аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және шығыс, солтүстік, орталық аймақтарда бұрқасын күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұдан бөлек, кей өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

Солтүстікте түнде -5…-12°С, күндіз -0…-6°С; Солтүстік-батыста түнде -2…-10°С, күндіз -0…-5°С; Орталықта түнде -3…-13°С, күндіз -6…+3°С; Шығыста түнде -8…-20°С, күндіз -0…-10°С;

Елдің қалған аумақтарында температурада айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow