Елімізде ата-аналар мектеп формасын алып тастау туралы петицияға қол жинап жатыр

Тамыз 14, 2025 - 09:50
Тамыз 14, 2025 - 10:05
Елімізде ата-аналар мектеп формасын алып тастау туралы петицияға қол жинап жатыр
фото: nur.kz

Елімізде ата-аналар міндетті мектеп формасын алып тастау туралы петицияға қол жинауды бастады. Әзірге оған қол қойған тек 156 адам, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Жарнама Екі баланың анасы Әлия Тұяқбаева мектеп формасының қымбаттағанына қапалы. Оның ойынша, балалары оқитын мектептің әкімшілігі ата-аналарға форманы тек белгілі бір дүкеннен алуды міндеттеген. Бағасы да қалтаға айтарлықтай салмақ салады. Биыл ұлы мен қызын толық киіндіруге 130 мың теңгеден астам қаражат жұмсаған. 

"Аяқ киім мен жейдені қоспағанда, екі балаға формаға 130 мың теңге жұмсадым. Ұл балаға – жилет, шалбар, костюм, қыз балаға – белдемше, сарафан және шалбар алдық. Мектеп басшылығы бәрін белгілі бір дүкеннен сатып алуды міндеттеді. Оқу жылының соңында жиналыс өткізіп, алдын ала дайындалу керек екенін айтты және кіреберістегі тақтаға келесі жылғы форма үлгісін іліп қойды. Менің ойымша, форманың тек түсін белгілеу жеткілікті", - дейді Әлия Тұяқбаева.

Алматы дүкендерінде қыздарға арналған блузка мен ұлдарға арналған жейденің бағасы 5 мың теңгеден басталады. Ал толық жиынтық — костюм мен жейде немесе белдемше мен жейде ата-аналарға орта есеппен 35 мың теңгеге шығады екен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow