Елімізде бала туу көрсеткіші рекордтық деңгейде төмендеді

2025 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 77,3 мың жаңа туған нәресте тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 16% - ке аз.
Әдетте бала туу көрсеткіші жоғары кезең жылдың III тоқсан қорытындысы бойынша белгіленеді, әсіресе 2020 және 2021 жылдардағы пандемия кезінде маусымдық серпілістер айтарлықтай байқалды.
Бала туу бойынша ең төменгі көрсеткіш көбінесе жылдың алғашқы үш айында байқалады. Алайда көрсеткіш өзгеріп тұрғанмен, жаңа туған сәби көрсеткіші соңғы 11 жылда 90 мыңнан түскен емес. 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында туу көрсеткіші 20 өңірде де төмендеді.
Ең төменгі туу көрсеткіші 12 аймақта, соның ішінде:
Ақмола облысы - 22%;
Жетісу облысы - 20,1%;
Сондай-ақ қалаға қарағанда ауылдық жерде туу көрсеткіші біршама төмен.
Айта кетері, туғандар санымен қатар қайтыс болғандар саны да азайған.
Осылайша, табиғи өсім (туу көрсеткіші әрі қайтыс болғандар саны) бір жыл ішінде 20,7% - ға төмендеп, 46,3 мың адамға жетті. Бұл 2014 жылдың басынан бері ең төменгі көрсеткішке айналды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






