Елімізде бір өзі 116 кредит алған адам бар

Желтоқсан 10, 2024 - 15:01
chat_bubble  0 visibility  31
Елімізде бір өзі 116 кредит алған адам бар
Коллаж: Canva

Елімізде әр азамат орта есеппен 2 несиеден алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінде айтылған.

Бір қызығы, 2023 жылдың ішінде бір ғана ер адамның алған қарыздарының саны 69-ға барған. Яғни, әр ай сайын шамамен 5-6 несиеден алып отырған.

Ал алдыңғы 2022 жылы бір азамат 79 несие рәсімдеген. Елдімізде кредит алудан рекордсмен атанған әйел бар. Аты-жөні аталмайтын ол 116 кредит арқалап үлгерген.

Ерлер де, әйелдер де көп жағдайда 1 банктен ғана кредит алуды жөн көреді. Қазақстанда қарыз алушы 8,9 млн адамның 64 пайызы тек бір банктің алдында қарыз.

Екі банкте кредиті барлар үлесі – 26%. 3 банкке берешек болып қалғандар үлесі – 8%.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0