Елімізде кейбір депозит түрлеріне салық салынатын болды

Жұрттың бір бөлігі депозит түрлерінен тапқан табысынан салық төлеуі қажет екені туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарламалар ала бастады, деп жазады іnbusiness.kz порталы.
Сарапшылар мұның енді заңды екенін айтады. Бұл жерде әңгіме біріншіден, ресейлік банктерде депозит ашқан қазақстандықтар туралы болып отыр. Өйткені қаржыдан тарыққан РФ банктері өз салымшыларына депозиттер бойынша 56 пайызға дейінгі ғаламат сыйақы ұсынады.
Екіншіден, Қазақстанның банктерінде жинақ жинайтын шетел азаматтары да салық төлеуі шарт.
Салық қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцевтің түсіндіруінше, мұндай салық көлемі 10%-ды құрайды. Бірақ ол салық салымның бүкіл сомасынан емес, тек одан түскен салықтан есептеліп, төленеді.
Ал, Қазақстан азаматтарының қазақстандық екінші деңгейлі банктердегі депозиттерінен тапқан кірісіне салық салынбайды.
Жалпы, көрші Ресейде барлық депозиттерден салық ұсталады. Бірақ қазақстандық салықшылар ресейлік әріптестері Қазақстан азаматтарынан салық алмағанына сенімді. ҚР және РФ құзырлы органдары ақпарат алмасатыны белгілі.
"Заң мен келісім бойынша шетелдіктен барлық салық депозит рәсімделген елде ұсталуға тиіс. Ондай жағдайда салымшы өз Отанында, яғни, Қазақстанда ол табысынан ештеңе де төлемеуі керек. Алайда шын мәнінде РФ банктеріндегі салымдар бойынша салық алынбаған. Сондықтан Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысындағы біздің клиенттерге сондай хабарлама жолдады. Біз сандарды салғастырдық. Депозиттен дәл осы салық жинау турасында сөз болып отырғаны анықталды", – деді Дмитрий Казанцев.
Сол себепті, қазақстандықтарға депозитінің бүкіл сомасының емес, жыл бойы одан тапқан кірісінің 10%-ы көлемінде салық төлеуге тура келеді.
Сарапшы кейбір шет мемлекеттерде халықтың жинағына салық салу қарастырылмағанын еске салды. Қазақстан азаматтары ондай елдерді өзіндік "оффшор ретінде" пайдалана алмайды.
Бәрібір өз бетінше декларация тапсырып, Қазақстанның бюджетіне табысынан 10% салық аударып тұруға тиіс. Олай жасамаса, салық салу объектісін жасырғаны үшін төленбеген салығының 200%-ы көлемінде айыппұл, ал, егер қайталай бұзушылыққа барса, 300% айыппұл арқалайды.
"Бүгінде Мемкірістер комитеті 2023 жыл үшін салық төлеуді талап етіп, хабарламалар жіберіп жатыр. Заң бойынша олар 2022 жыл үшін де салық төлеуді талап ете алады және солай болатыны түсінікті. Биыл қазақстандықтарға осы кезеңдер үшін 240.00 формадағы есепті тапсыру қажет болады", – деді сарапшы.
Ал, егер 2024 жылға салық хабарламасы келсе, онда жеке тұлғалар 270.00 нысанындағы декларацияны тапсырып, басқа елдегі депозитінен тапқан түсімінің 10%-ы сомасында салық төлеуге мәжбүр болады.
Егер қазақстандықтар криптовалюта сатып алып, мәміледен табыс тапса, онда салықшылар сонау 2021 жылдан бергіні тексеріп, содан бастап 4 жыл ішіндегі салықты төлеуді талап етуі мүмкін.
Қазақстандықтардың кейбір депозит бойынша салық міндеттемелері бар екенін Jusan.kz те растады. Өйткені депозит сыйақысы кірістің бір түрі болып табылады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






