Елімізде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Желтоқсан 18, 2025 - 15:39
Желтоқсан 18, 2025 - 16:10
 0  0
Елімізде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды
Фото: ғаламтордан

Бүгін Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әңгіме архив істері туралы заң жобасына енгізілген түзетулер туралы болып отыр. Аталған заң Еңбек кодексіне, сондай-ақ 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

"Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін жария кеңістік, сондай-ақ, масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн платформалар арқылы педофилияны, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпараттар орналастыруа тыйым салу туралы нормалар қарастырылды", - деп жазылған мәліметте.

Түзетулер күшіне енгеннен кейін елде әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салынады. Сондай-ақ, "дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттау" ұғымына нақты анықтама беріліп, оның БАҚ пен интернетте таралуына тыйым белгіленеді.

Қазір ЛГБТ тақырыбына қатысты ашық көріністерді фильмдерден алып тастау мәселесі де талқыланып жатыр.

Бұдан бөлек, жаңа түзетулердің әсері тойлар мен корпоративтік шаралар сияқты жаппай іс-шараларға да таралуы мүмкін екені бұған дейін хабарланған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0