Экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшатын болды

Дана Қарағұсова ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы қазақ қызы болады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Ол Blue Origin компаниясының NS-36 миссиясына қатысады. Бұл - New Shepard бағдарламасының 15-ші пилотталған ұшуы.
“Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты… Мен үшін NS-36 миссиясы – ұзақ жылдар бойы еңбектенген арманымның бір бөлігі және зерттеу жобасының жалғасы”, – деп жазды Карагусова Instagram желісінде.
Онымен бірге тағы бес астронавт, оның ішінде зерттеушілер мен кәсіпкерлер ғарышқа аттанады. Ұшырылымның нақты күні кейін жарияланады. Blue Origin ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде тікелей көрсетілім ұйымдастырылады.
Белгілі болғандай, ғарышқа аттанғалы отырған әйелдің экс-депутат, белгілі қоғам қайраткері Гүлжан Қарағұсованың қызы екені анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






