Елімізде үш жаңа мемлекеттік награда пайда болмақ

Мамыр 14, 2026 - 10:49
chat_bubble  0 visibility  1
Елімізде үш жаңа мемлекеттік награда пайда болмақ
Фото: Ақорда

Елімізде жаңа мемлекеттік наградалар енгізілмек. Сенат депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жаңа ордендер Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында тағайындалып отыр.

Құжатқа сәйкес:

  • "Әл-Фараби" ордені білім, ғылым, мәдениет және рухани өмір саласында ерекше жетістікке жеткен азаматтарға беріледі.
  • "Қожа Ахмет Ясауи" орденімен мемлекетшілдікті нығайтуға және қоғамдық-саяси, мәдени-гуманитарлық салалардың дамуына үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері марапатталады.
  • Ал "Мейірім" ордені қайырымдылық, меценаттық және филантропиялық қызметпен ерекшеленген азаматтарға табысталады.

Сонымен қатар заңда бір адамға бірдей құрметті атақты қайта беруге тыйым салу нормасы енгізілген.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ғалымдармен кездесуде Әл-Фараби атындағы жаңа орден енгізуді ұсынған болатын.

Жаңа марапаттар биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0