«Дінге келмегендерді өлтіруге үндеген»: Еліміздің бірнеше өңірінде деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

Қараша 24, 2025 - 10:48
Қараша 24, 2025 - 11:53
«Дінге келмегендерді өлтіруге үндеген»: Еліміздің бірнеше өңірінде деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады.

Тергеудің болжамы бойынша, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан. Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиет тәркіленді.

Тергеу болжамы бойынша, ұсталған азаматтар тек діни сенімдерін ұстанып қана қоймай, әлеуметтік желілер арқылы қауіпті идеологияны белсенді түрде насихаттаған. Олардың «ұрандарында» мынадай қылмыстық әрекеттерге шақыру белгілері бар:

  • Діни себептермен адам өлтіруге үндеу;

  • Жазықсыз адамдарға шабуыл жасауға шақыру;

  • Қазақстанның Конституциясымен бекітілген зайырлы мемлекеттік құрылымды жоққа шығару.

Бұл – жай ғана интернеттегі «пікір айту» емес, нақты қылмыстық әрекетке бағытталған үгіт-насихат жұмыстары.

Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар 3 қарашада осындай қылмысы үшін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow