Елордада зейнеткерлерге 10 мың теңге көлемінде көмек беріледі, Алматыда төлем жоқ

Қыркүйек 24, 2025 - 16:15
Елордада зейнеткерлерге 10 мың теңге көлемінде көмек беріледі, Алматыда төлем жоқ
Фото: istockphoto.com

Астанада 1 қазан – Қарттар күніне орай 100 мыңнан астам зейнеткерге 2,5 АЕК шамасында, яғни шамамен 10 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. Бұл бастама былтырғы дәстүр бойынша жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елордада 100 мыңнан астам зейнеткерге шамамен 10 мың теңге көлемінде төлем жасалады. Бұл сома былтырғыдай 2,5 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең.

Ал Алматыда мұндай ақшалай төлем қарастырылмаған. Қала билігі қарттарға бюджет есебінен 13 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетілетінін түсіндірді.

Қазақстанда Қарттар күні жыл сайын 1 қазанда аталып өтеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow