Енді кез келген адам өзін «коучпын» деп атай алмайды: Жаңа кәсіби стандарт 14 Ақпан күшіне енеді

Ақпан 13, 2026 - 17:04
Ақпан 13, 2026 - 17:06
 0  1
Енді кез келген адам өзін «коучпын» деп атай алмайды: Жаңа кәсіби стандарт 14 Ақпан күшіне енеді
Фото: Pixabay.com

Қазақстанда коучинг қызметін реттейтін маңызды өзгерістер енгізілді. 14 ақпаннан бастап елімізде коучинг қызметінің кәсіби стандарты ресми түрде күшіне енді, деп Sadaq.kz хабарлайды.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан былай бұл сала тек әлеуметтік желідегі әдемі сөз емес, мемлекет тарапынан реттелетін нақты мамандық болып табылады.

«Ертеңнен бастап өзіңді коучпын деп айта салу мүмкін болмайды. 14 ақпанда елімізде Коучинг қызметінің кәсіби стандарты ресми түрде күшіне енеді. Енді бұл жай ғана тренд немесе BIO-дағы әдемі сөз емес, мемлекет реттейтін мамандық», — деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың сөзінше, жаңа стандарттар саланың сапасын арттырып, халыққа кәсіби көмек көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс. Енді бұл бағытта еңбек ететін жандарға қойылатын талаптар да күшеймек.

«Ең бастысы — енді коучтарда білімі мен біліктілікті растайтын арнайы құжаттары болуы қажет, басқа да талаптар бар», — деп толықтырды ол.

Осылайша, елімізде коучинг нарығы заңды түрде жүйеленіп, мамандардың кәсіби деңгейіне қатаң бақылау орнатылмақ, деп Sadaq.kz хабарлайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0