«Ер адамның гинеколог болып жұмыс істеуі харам»: Имам дәрігерлерге ескерту жасады (ВИДЕО)

Данияр Кенжеұлы есімді дін өкілінің дәрігер гинеколог болып жұмыс істейтін ер адамдар туралы айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды saDaq.kz.
Оның айтуынша, ер адам бөтен әйелдің әурет жеріне қараса, әйелдің өзі де, қызы да оған харам болуы мүмкін.
”Ер адамның гинеколог болып жұмыс істеуі шариғатта құпталмайды. Әйелдерді де оларға жіберуге болмайды. Сен қалай әйеліңді бөтен еркектің алдына апарып, бұтын талтайтып, жатқызып қоясың?! Ол — өте үлкен арсыздық. Сол үшін ерлер басқа мамандықты алу керек. Құдайға шүкір, әйел гинекологтар толып жатыр. Егер, бір елде немесе жерде мүлде әйел гинеколог болмаса немесе сол нәрсеге мүлде қабілеті жоқ болса, амалдың жоғынан зәрулік тұрғысынан ғана ер адам сол оқуды оқи алады. Бірақ қазіргі таңда қоғамда әйел гинекологтар өте көп. Кімде кім біреуді шахуатпен барып ұстаса немесе әурет жеріне қарайтын болса, харамдық бекітіліп кетеді. Яғни, өмір бойы саған қызы да, анасы да харам болады. Мысалы, сен гинеколог болып жұмыс істеп жатсың. Алдыңа бір үлкен әйел келді. Сен оның әуретіне шахуатпен қарап не болмаса ұстайтын болсаң, оны қызы саған харам болып кетеді. Сен білмейсің ғой. Мүмкін, болашақта сен соның қызын алатын шығарсың. Ер адамның гинеколог, акушер болып жұмыс істеуіне болмайды, арам!”, — дейді ол.
Аталмыш видео желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.
”Осындай қараңғы көзқарас қайдан келген”, “Дәрігер ретінде айтайын, әйел ауырып, қиналып жатқанда рахаттанып, шахуат шығып көрмепті. Медицинаның барлық саласында операцияға икемді ер адам болып келеді. Мамандығым болғасын жасаймыз”, “Сондықтан қыздарыңды орамалмен қымтай бермей, оқытыңдар”, “Басқа айтатын нәрсе қалмады ма”, — деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






