Еркебұлан Канафин - Сурдлимпиаданың чемпионы
Жапонияда өтіп жатқан Жазғы Сурдлимпиадада Ұлттық Құрама спортшысы Еркебұлан Канафин (81 кг) Сурдлимпиаданың чемпионы атанды, деп хабарлайды gov.kz.
Ол финалдық белдесуде венгр дзюдошысы Патрик Отвоштан басым түсті.
Қазақстандық спортшы жарыс бойы қарсыластарына мүмкіндік бермей, шешуші кездесуде де басымдықты толық өз жағында ұстай алды.
Айта кетейік, Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты 15 қарашада өтті. Есту қабілеті бұзылған спортшыларға арналған төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ең ірі халықаралық спорттық шара биыл тарихи мәнге ие болды - ол Сурдлимпиадалық қозғалыстың 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.
Елдер шеруінде Қазақстанның Туын сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдос Түгелбаев пен Анна Краморова алып шықты.
Сіздің реакцияңыз қандай?