«Еркектік қуатың жоқ»: Алмат Сақатовтың жарнамасы елдің ашуын туғызды

Тамыз 6, 2025 - 09:21
«Еркектік қуатың жоқ»: Алмат Сақатовтың жарнамасы елдің ашуын туғызды
фото: әлеуметтік желіден

Facebook қолданушысы Ербол Мәндібек еркектік қуатты арттыратын өнімдерге жарнама жасаумен белсенді айналысып жүрген актер Алмат Сақатов туралы жазды, - деп хабарлайды ozgeris.info.

"Жамандыққа қимайтын ағалар болады. Мысалы мына Алмат Сақатов ағамызды осындай әрекеттерге қимаймын. Реклама үшін осындай деңгейге түсетіндей не күн туды екен? Мына жерде әйгілі әртіс оқырмандардан "сіздерді де әйел түнде үйге кіргізбей қойған күндер болды ма? Әрине кіргізбейді, себебі еркектік қуатың жоқ", - деп бүк түсіп далада жатыр. Пөшақтың проблемасы әр адамның жеке шаруасы емес пе? Алмат ағамыздың өнеріне бір буын тәнті болып өсті. Қартайған шағында мынандай мыжық нәрсесіне менің бетім қызарады. Тау тұлғалар өз биігінде неге қалмайды екен?", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Алмат Сақатов жарнамалап жүрген дүниенің идеологиясы дұрыс емес екендігін айтты.

"Түнде ырза қылмаса күйеуін далаға қуып шығу басқа халықтарда бар шығар. Бірақ, қазақ әйелдері дәл бұндай бассыздыққа бармайды. Ал Алмат Сақатов ағамыздың жарнамасындағы идеология қазақ әйелдерін басқа жаққа итеріп жатыр. Осыны неге ойламайды екен? Экологиялық ахуал мен химиялық улы азық-түлік белге бедеу салып жатқаны белгілі. Дегенмен, витаминдердің рекламасы үшін барша еркектер қауымының жұмыртқасын жарып беру не мақсат? Бұндай өнімдердің идеологиялық сипатына мемлекет мән беретін уақыт жетті", - деп түйіндеді Ербол Мәндібек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow