Ерлан Қарин: Президент реформалары нәтижесінде қоғамдық санада жаңа құндылықтар орнығуда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде елімізде болып жатқан оң өзгерістер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Сөзінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан реформалардың нақты нәтижелері өңірлерде көрініс табуда.
«Соңғы жылдары жаңа автожолдар мен теміржол желілері, әуежайлар мен сапаржайлар, көпірлер және өзге де инфрақұрылымдық нысандар пайдалануға беріліп, халық игілігіне қызмет ете бастады. Президенттің басты ұстанымы да осы - қарапайым жұртшылықтың әл-ауқатын көтеру. Жастардың тілінше айтқанда, қазақтың прайм-эрасы басталып келеді», - дейді Мемлекеттік кеңесші.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0