«Ешкімге ештеңе білдірмеді»: Танымал актердің отбасы қара жамылды

Қазан 30, 2025 - 21:33
Қазан 30, 2025 - 20:36
«Ешкімге ештеңе білдірмеді»: Танымал актердің отбасы қара жамылды
Фото: instagram.com/gulnurmamasaripova

Танымал кино және театр актері Жасұлан Әйтеннің "Әкеңнің баласы" фильміне түсу барысында әкесі дүниеден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

«Келінжан» телесериалының продюсері Гүлнұр Мамасарипова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Достар, мен “ӘКЕҢнің БАЛАСЫ” фильміне, актерлерге, түсірілім барысы жайлы да әңгімелеп отыруды жөн көрдім. Әр адамның артында тағдыр тұрады, сол сияқты әр актердің де кинода өз жолы, өз драмасы бар", - деп жазды ол.

Продюсердің айтуынша, ол фильмдегі соңғы сахнасын ойнап жатқанда суық хабар алған. Алайда ешкімге тіс жармай, соңына дейін қайғысын ішіне жұтып, ойнап шыққан. Ешкімге ештеңе білдірмеген. Алайда әкесіне жетіп, қоштасып үлгермепті. 

Қайғылы хабарды естіген қазақстандықтар әлеуметтік желіде актерге көңіл айтып, отбасына сабыр тілеуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow