Еуропада аптап ыстықтан 2300 адам көз жұмды

Еуропада кейінгі екі аптада аптап ыстықтан 2300 адам көз жұмды.
Бұл мәліметті Лондондағы Империялық колледждің ғалымдары өз зерттеуінде келтірген.
Өлім-жітім "кәрі құрлықтың" 12 қаласында тіркелді. Олардың қатарында Милан, Париж, Барселона мен Лондон бар. Әсіресе жасы 65-тен асқан қариялар көп. Еуропа елдерінде маусым айынан бері ауа температурасы 40 грудастан түспей тұр. Бұған климаттың өзгеруі мен орман ағаштарын бұтау - басты себеп. Сарапшылар жағдайды түзеу үшін жасыл желекті көбірек егіп, зиянды ауа қалдықтарын азайту қажет дейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Еуропада аптап ыстық жыл сайын 175 мыңнан астам адамның өмірін жалмайды.
24.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?






