«Forbes-ке шықтым»: Дариға Бадықова жағымды жаңалығын айтты
Белгілі актриса Дариға Бадықова Forbes журналына шыққанын көпшілікпен қуана бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram-парақшасында жариялап, оқырмандарынан құттықтау күтетінін жасырмады. Актриса өзінің айтуынша, мұндай үлкен жетістікке жетсе де, ішкі болмысы мен сырт келбетінде айтарлықтай өзгеріс болмағанын айтады.
«Forbes-ке шықтым, құттықтай берсеңіздер болады — еңбегімнің нәтижесі. Бірақ өзім әлі сол қалпымдамын. Фотоға түскенде де көрсетілім үшін курица боп шыққым келмеді. Біреу тіпті “балконнан шампан атып, жұртты шақырмадың ба?” деп сұрапты. Жооқ, бәрі бұрынғыша. Маманға осы неге олай деп сұрағанда, ол маған: ішкі тыныштығы бар, қысымсыз өмір сүретін, бәрін уайымдай бермейтін еркін адамсың деді. Шынымен, менде қазбалау деген болмайды», – дейді Бадықова.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0