Франция президенті Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 6, 2025 - 10:46
Франция президенті Украинаға қатысты мәлімдеме жасады
dailymoscow.ru

Франция президенті Эммануэль Макрон 5 наурыз күні ұлтқа арнаған үндеуінде Украинаға қатысты маңызды мәлімдемелер жасады. 

Макрон өз сөзінде Ресейді Франция мен Еуропаға қауіп төндіретін мемлекет деп атады. Сондай-ақ ол Украинадағы соғысты тоқтатуға қарсы екенін білдірді.

“ Ресейдің сөзіне сенуге болмайды. Украина бейбітшілік пен қауіпсіздікке құқылы, бұл – біздің мүддемізге сай келеді”, – деді.

Макрон үндеуінде елдің ядролық қаруын бүкіл Еуропа қауіпсіздігі үшін пайдалануды талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Макрон Украинаға еуропалық әскер орналастыру мүмкіндігін қолдайтынын жеткізді.

Макронның ұлтқа үндеуіндегі басты мәлімдемелері мынадай:

"Ресей Франция мен Еуропаға қауіп төндіріп тұр. Біз 2014 жылы Минск келісімдерін жасадық, бірақ Ресей оны бұзды. Біз Ресеймен жасалған келісімдерге сене алмаймыз. 2030 жылға қарай Ресей 3 миллион сарбазды жұмылдыруды және 4 мың танк жасауды жоспарлап отыр.  Бейбітшілік біздің құрлыққа тек «тыныштандырылған Ресеймен» ғана оралады.  Бейбітшілік «кез келген бағамен, Ресей диктаты аясында орнамауы керек және Украина капитуляцияға бармауы тиіс». Украинаға еуропалық әскерлерді орналастыру мүмкіндігін жоққа шығармады.  Францияның ядролық қаруын бүкіл ЕО-ны қорғау үшін пайдалану туралы пікірталас бастауды шешті. Францияда Еуропадағы ең тиімді әскер бар. Келесі аптада Франция Украинадағы болашақ бейбітшілікті қамтамасыз етуге дайын елдердің штаб басшыларын жинайды.  АҚШ-тың баж салығын енгізуі жағдайында қарымта шара қолданамыз деп сес көрсетті", - деді ол өз сөзінде.

Оның айтуынша, келесі аптада Парижде Украинадағы тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге дайын елдердің штаб басшылары бас қосады.

Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Макронның мәлімдемесіне дереу жауап берді.

“Макронның өзі аса қауіпті емес, ол 2027 жылдың 14 мамырынан кешікпей саяси сахнадан кетеді” - деп пікір білдірді.

Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Макронның риторикасын ескере отырып, Францияның жаңа елшісі не үшін Мәскеуге бара жатқанын сұрады.

Адырна

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow