«ФСБ агенттері»: Бакуде «Sputnik Әзербайжан» редакциясының жетекшісі мен бас редакторы ұсталды

Маусым 30, 2025 - 22:50
Шілде 1, 2025 - 00:48
«ФСБ агенттері»: Бакуде «Sputnik Әзербайжан» редакциясының жетекшісі мен бас редакторы ұсталды
фото: sputnik.kz

Бакуде полиция қызметкерлері ресейлік «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің жетекшісі Игорь Картавых пен бас редакторы Евгений Белоусовты ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, журналистерге «ФСБ агенттері» деген айып тағылған. Күштік құрылымдар Ресей елшілігінің қызметкерлерін БАҚ өкілдеріне жолатпаған.

Қазіргі таңда Sputnik агенттігі негізсіз ұсталған қызметкерлерімен байланыс орнатуға тырысып жатыр. Одан бөлек, бүгін «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің кеңсесіне тінту жүргізілген.

Qafqazinfo-ның айтуынша, кеңсе ғимараты құқық қорғау органдарының бақылауына алынған. Еске салайық, бұған дейін агенттіктің Әзербайжандағы қызметі ресми түрде тоқтатылған болатын.

Алайда Report басылымы бұл БАҚ-тың шектеуге қарамастан жұмысын жалғастырғанын және оның қызметкерлерінің жұмысқа барып жүргенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow