Ғашығымен кездесуге Италиядан Оралға арнайы келген азаматты қызы алдап кетті

Сәуір 10, 2025 - 16:38
Сәуір 10, 2025 - 16:41
Ғашығымен кездесуге Италиядан Оралға арнайы келген азаматты қызы алдап кетті

64 жастағы Италия азаматы Аджигирио Грацио Оралға интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге келген. Алайда оны әуежайда қарсы аламын деген қыз келмеген, деп хабарлайды Sadaq.kz ІІМ-ге сілтеме жасап. 

Ғашығын іздеген италиялық «сері» полицейлердің көмегіне жүгінді. Махаббатта жолы болмаған шетелдікті қалада кезекшілік жасап жүрген патрульдік полиция инспекторлары Руслан Мұқсанов пен Манарбек Сатқанқұлов байқап қалып, көмек қажет пе екенін сұраған.

Жағдайды білген полиция қызметкерлері оған қамқорлық танытып, қажетті көмекті көрсетті. Шетелікдік азамат оларға алғысын білдіріп, алдағы күндері Италияға оралатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow