«Ғажап жаңалығым бар»: Айгүл Иманбаева мәлімдеме жасады

Мамыр 15, 2025 - 14:26
 0  768
«Ғажап жаңалығым бар»: Айгүл Иманбаева мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева Түркияда концерт өткізетінін айтты.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде жазды. Айтуынша, 24 мамырда Стамбұл қаласында концерті өтеді.

«Достар! Сіздерге ғажап бір жаңалығым бар. Көбіңіз осы инстадан көріп отырғандай, бүгінге дейін Лондон, Мадрид, Гранада-Испания, Париж қалаларын әсем ән тербеп, көптеген қазақтың көңіл күйін шертіп өттім…

Ал, сол кезде көбіңіз «Әттең виза болғанда барар едік» деген едіңіздер. Енді виза да қажет емес, ұшаққа билетті аласыз да, топ етіп Стамбұлға түсесіз! Босфордың ғажап ауасымен демалып, менімен бірге “Таңғы елесті” шырқап, әдемі концерттен шабыттанамын десеңіздер, кәнеки… Күтеміз!» - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 4
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0