Илон Маск 30 мамырға дейін қызметінен кетуі тиіс: демократтар науқан бастады

АҚШ Өкілдер палатасының 77 демократтар тобы 30 мамырға дейін Дональд Трамптың әкімшілігінен мемлекеттік тиімділік департаментінің (DOGE) басшысы Илон Маскты шеттетуге бағытталған үйлестірілген науқанын бастады, деп хабарлайды Baq.kz.
Порталдың мәліметінше, демократтар тобы Трамптан Масктың 30 мамырға дейін отставкаға кетуін және заң талаптарына сәйкес барлық шешім қабылдау өкілеттіктерінен бас тартатынын көрсететін жедел жария мәлімдеме жасауды талап етті.
Бұл бастаманың негізінде арнайы мемлекеттік қызметшілер – DOGE басшысы мәртебесіне ие тұлғалардың өз қызметін 130 күннен артық атқаруға құқығы жоқ деген заңды талап жатыр.
Осыған байланысты, Маск бұл мерзімнен кейін қызметінен кетуге міндетті. Біз республикашыларға қоғамдық қысымның 30 мамырға дейін арта түсетінін анық айтамыз, - деді Техас штатының демократ депутаты Грег Касар, бастамашылардың бірі.
Бұған дейін, 31 наурызда Дональд Трамп Масктың болашақта саясат пен мемлекеттік басқарудан бас тартатынын және барлық уақытын бизнеске арнайтынын мәлімдеген болатын.
Алайда президент оны өз командасында мүмкіндігінше ұстап қалуға тырысатынын да айтқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






