«Илон Маск Ақ үйде соққыға жығылған» – БАҚ

Америкалық миллиардер Илон Маскты АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент ұрып, көзін көгерткен.
stan.kz сайтының жазуынша, екеуінің арасындағы жанжал Ақ үйде болған.
Ақ үйде болған жанжал туралы Дональд Трамптың экс-кеңесшілерінің бірі The Washington Post басылымына айтып берген.
Сәуірдің ортасында Маск пен Бессент президент кабинетіне кіріп, шенділердің бірін тағайындауға қатысты пікірін айтуға тиіс болыпты. Бірақ Трамп Бессенттің айтқанын орындаған.
Экс-кеңесшінің сөзінше, Бессент пен Маск кабинеттен шығып, дәлізбен кетіп бара жатқанда бір-бірін балағаттай бастаған. Сондай-ақ қаржы министрі миллиардерді "алаяқ" деп атаған көрінеді.
"Кейін Маск "регби ойнындағыдай" иығымен Бессентің кеуде тұсынан ұрған. Ал Бессент жауап қайтарып, Маскқа жұдырық ала жүгірді. Бірнеше адам араласып, оларды ажыртып алған", – делінген хабарламада.
Дәл осы сәттен бастап Маск пен Трамптың қарым-қатынасы ушыға бастаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






