Имамдар қайырымдылық қорына түскен қаржы есебінен жалақы алатын болды
Қырғызстанда молдалар жалақы алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ел президенті Жапаров молдаларға жалақы тағайындады. 2025 жылдың наурызынан бастап мешіттегі діни қызметкерлерге қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді.
Президенттің мәліметінше, бастапқыда жалақы 8 мың сом (48 мың теңге) болса, жыл соңына дейін 20 мың сом (120 мың теңге) болады екен. Қайырымдылық қорына арнайы шот ашып, оған төлем жасау үшін мешіттерде арнайы QR-жәшіктері орнатылады. Бұл жәшіктерді орнатуды мемлекет өз мойнына алмақ.
«Молдалар басқа ағымдарға кеткендерді тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды. Ханафи масхабына қайтарады. Бөлінген барлық ағым тәртіпке келеді. Біз бір халықпыз, бірақ 15-20 ағымға бөліндік. Бұл қауіпті», – деді Жапаров.
Сіздің реакцияңыз қандай?