Иманбек тағы да «Грэмми» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді

Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді

Қыркүйек 18, 2025 - 16:34
 0  25
Иманбек тағы да «Грэмми» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді
Фото: Instagram/imanbekmusic

Қазақстандық музыкант және еліміздегі алғашқы «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов «Латын Грэмми» номинациясына ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның әнші Taichu-мен бірге орындаған Ella Quiere Techno композициясы «Үздік латын электрондық музыкасының орындалуы» (Best Latin Electronic Music Performance) категориясына ұсынылды.

Осы номинацияда тағы төрт трек бар: Orión – Sistek Remix, Qqqq, Rulay En Dubai (Extended) және Veneka.

Финалдық дауыс беру 1 қазаннан басталады, ал Latin Grammy 2025 марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0