Иранның Сыртқы істер министрі Қытайға барды

Мамыр 6, 2026 - 17:22
chat_bubble  0 visibility  0
Иранның Сыртқы істер министрі Қытайға барды
Фото: IRNA

Бүгін Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңге арнайы ұшып барды. Келесі аптада Бейжіңге Ақ басшысы ат басын тірейді. Аббас Аракчи қытайлық әріптесі Ван Имен бұл сапарға бір апта қалғанда кездесіп отыр, деп жазады Sadaq.kz.

Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің басқосуы 14 және 15 мамыр аралығына жоспарланып отыр. Екі жақ Таяу Шығыстағы шиеленіс пен Ормуз бұғазы жайын талқылайды.

Құрама Штаттардың Қаржы Министрінің айтуынша, Ақ үй басшысы Иран мәселесіне Бейжіңнің араласуын сұрауы мүмкін. Өйткені Қытайдың Ислам Республикасымен қарым-қатынасы жақсы.

"Бұған ресми Бейжіңнің өзі де мүдделі", – дейді Скотт Бессент.

Себебі, Қытай мұнай мен газдың көп бөлігін Ормуз бұғазы арқылы тасымалдайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0