«Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ағасының жетісін өткізгенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Міне бүгін улап-шулап, жылап-сықтап жетісін өткіздік. Жаның жәннатта болсын, бауырым Сәбитім!», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Сондай-ақ ол ағасының жетісіне келген азаматтарға алғысын білдіріп, олардың дұғасы қабыл болсын деген тілегін айтты.
«Әрбір дұға етіп келген ағайын, құда-жекжаттарымыздың дұғалары қабыл болып, Алла бүкіл біліп-білмей жасаған күнәларын кешіп, жанын жұмақта етсін!», – деді продюсер.
Продюсер ішкі қиналысын жасырмады.
«Мұздай суық бассейнге де түстім, мұздай салқын су да іштім. Бәрібір ішім өртеніп барады»,– деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова ағасының қайтыс болғанын айтып, әлеуметтік желіде қаралы хабарды бөліскен еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0